Ардақ Назаров биыл үлкен спортқа қайта оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ардақ Назаров биыл үлкен спортқа қайта оралады

Ардақ Назаров биыл үлкен спортқа қайта оралады

Биылғы жылдың 4 қазанында Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 631
Фото - Caravan.kz

аралас жекпе-жектен ММА "KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES" деп аталатын Әлем біріншілігін өткізуге қатысты бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Alem Fighters" кәсіпқой спорт клубының президенті Ардақ Назаров биыл өзінің үлкен спортқа қайта оралатындығын жария етті.

«Мен биыл үлкен спортқа қайта ораламын. Жалпы, мен одан кеткенім жоқ. Тек үш жыл үзіліс болды. Мен осы аралықта 2013 жылы «Әлем файтерс» деп аталатын кәсіпқой спорт мектебін аштым. Бүгінде оның 4 филиалы бар. Сондай-ақ, Қытайдың Құлжа қаласында да филиал аштық. Мақсатымыз — әлемдік спорт додаларында ел намысын қорғайтын мықты шәкірттер тәрбиелеп шығару. Бүгінде 1000-нан аса тұрақты спортшыларымыз бар. Филиалдарымызда 20-дан астам спорт түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Үш жыл осы мектептің басы-қасында жүрдім, бірқатар жарыстар ұйымдастырдық. Бұл әрине көп уақытты алады. Ал қазір өзім шәкірттеріммен бірге күніне 2-3 рет жаттығып жүрмін. Алла қаласа, биылғы жылдың қараша немесе желтоқсан айында жекпе-жекке шығамын. Оның қай жерде, қай тұжырым бойынша өтетіндігін және қарсыласымның кім екендігін алдағы күндері білетін боласыздар», — деді Ардақ Назаров.

Айта кетелік, Ардақ Назаров — панкратионнан үш дүркін Әлем чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера