Аргентина құрамасының 100 мыңға жуық жанкүйері ширек финалды тамашалау үшін Бразилиаға бармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентина құрамасының 100 мыңға жуық жанкүйері ширек финалды тамашалау үшін Бразилиаға бармақ

Аргентина құрамасының 100 мыңға жуық жанкүйері ширек финалды тамашалау үшін Бразилиаға бармақ

Бразилия астанасы таяу күндері Аргентина құрамасы жанкүйерлерінің нөпірі астында қалмақ.

  • 4 Шiлде 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Футболдан әлем чемпионатының сенбі күні өтетін ширек финалында Бельгия мен Аргентина құрамасы кездеседі.

Осы ойынды тамашалау үшін шамамен 100 мың аргентиналық Бразилиаға ағылмақ, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Бастапқыда Аргентина құрамасының жанкүйері 20-30 мың адам болатындығы жоспарланған болатын. Алайда сәл кейінірек бұл сан 50 мыңға жеткен еді. Ал ендігі уақытта Бразилиа полициясы Аргентинадан келетін 100 мың жанкүйердің бабын табу үшін шұғыл қызметке кірісуде.

Кездесу өтетін «Манэ Гарринч» стадионына 70 мың көрермен сыяды. Сол себепті, аргентиналық жанкүйерлердің жартысы жасыл алаңдағы ойынды теледидардан не болмаса стадионға бірнеше шақырым жерге орнатылған алып экраннан тамашалайды.


Айта кетерлігі, Бразилия елордасына келетін бельгиялық жанкүйерлердің  саны әлдеқайда аз болатындығы күтілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера