Аргентинада күн ысып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.97
  • 607.3
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентинада күн ысып кетті

Аргентинада күн ысып кетті

Оңтүстік жартышарда жаздың басталуымен Аргентинаның орталық және солтүстік бөлігінде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық басталды.

  • 22 Желтоқсан 2011
  • 608
Фото - Caravan.kz

Елде желдеткіштерді, ауа баптағыштарды және тоңазытқыштарды пайдаланудың көбеюінен электр энергиясын тұтыну шұғыл артып кетті. Сәрсенбі күні 15:00-де (мәскеу уақытымен 22:00) Сантьяго-дель-Эстеро, Тукуман, Чако, Формоса, Катамарка қалаларында күннің ыстығы +44 градусқа жетті. Буэнос-Айресте — +36 градус шамасында.

Аргентина астанасының көшелері түсте жым-жырт, адамдар үйден шықпауға тырысады. Дәрігерлер халыққа спирттік ішімдіктерге әуес болмауға, салқындау жерде болуға кеңес беруде.