Аргентинаға баратын жеңімпаздар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентинаға баратын жеңімпаздар анықталды

Аргентинаға баратын жеңімпаздар анықталды

Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline бренді) және Қазақстан теннис Федерациясы Beeline абоненттері мен БАҚ арасында Аргентинаға Дэвис Кубогына қазақстандық жанкүйерлер сапында бару құқығына иелік беретін сайыс қорытындысын жариялады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, «Эйс — Аргентинаға ұшу» СМС-викторинасы мен БАҚ арасындағы отандық теннис туралы үздік материалдар сайысы биылғы жылдың 5 мамырында басталған болатын. Оған БАҚ өкілдерімен қатар, Beeline абоненттері ғана қатысуға мүмкіндік алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайыс шарттары бойынша сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берген қатысушы 7-9 шілдеде Буэнос-Айресте өтетін Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасында болатын Дэвис Кубогі жарысын тамашалау құқығын беретін жүлдеге ие болады. Сондай-ақ, екінші жүлде қазақстан теннисі туралы үздік мақала жазған тілшілерге де уәде етілген болатын.

Сонымен сайыстың бас жүлдесін Beeline абоненттері арасынан астаналық Жігер Әзбергенов есімді жігіт жеңіп алды.

Ал, БАҚ арасындағы жүлде екі аталым — жеке және топтық аталымдары бойынша берілді. Жекелей сайыс бойынша өткен жолдаманы Алматы телеарнасының журналисі Рауан Оқас және «Мегаполис» газетінің спорт шолушысы Леонид Юрьев жеңіп алды. Ал топтық жүлделер «Егемен Қазақстан» газеті мен «TennisLife» журналының редакцияларына бұйырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Эйс — Аргентинаға ұшу» СМС-викторинасына 2872 Beeline абоненттері қатысып, әрқайсысы 32 сұраққа жауап берген. Ал БАҚ өкілдерінен 18 тілші белсене қатысқан.

Соңғы жаңалықтар