Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Негізі мен «арғы өмірге» бір рет барып келгем. Бірақ, қап-қара туннель де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар. Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, реанимациядамын… Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді".
Тележүргізушінің бұл жазбасына оқырмандар түсінбеген сыңайлы. Дегенмен, тележүргізуші басынан өткен жағдайды есіне алғаны белгілі.