"Әрине, әншілер кінәлі": Қоғам қайраткері қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер адамдарын айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әрине, әншілер кінәлі": Қоғам қайраткері қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер адамдарын айыптады

"Әрине, әншілер кінәлі": Қоғам қайраткері қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер адамдарын айыптады

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-не қатысты дау әлі басылар емес.

  • 25 Ақпан 2020
  • 93
Фото - Caravan.kz

Алдын ада мәліметтерге қарағанда қаржы ұйымы 42 мыңнан аса адаммен шарт жасасып, салымшыларды 5 млрд 411 миллион теңгеге сан соқтырып кеткен. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Ал қоғам қайраткері Өлмесхан Мәтен бұл жағдайға әншілер де кінәлі деп отыр. Бұл туралы ол «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.

« Бір-екі мәжіліс депутатының осы алданған кісілірге қатысты айтқан пікірін тыңдадым. Ол кісілер айтып отыр, жалпы бұл мәселеге ешкім кәнілі емес. Тікелей сол азаматтың өзі барып ақша салған ҚР азаматының өзі тікелей кінәлі дейді. Ал бүгінгі солардың жарнамасына барған әрине әншілер кінәлі деп айтамыз. Себебі, көбісі әншілердің міне осыған салыңдар, осыған бүйтіңдер деген соң әнін де, өзін сыйлайтын, құрметтейтін адам оған ақшасын салады. Осындайды бұлар пайдаланып отыр»,- деді ол.

Ал 2012 жылы Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік кодекске енгізілген өзгертулерге қарағанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған адамдар да жауапкершіліктен құтыла алмайды екен. Оларға шамамен
150 АЕК көлемінде айыппұл
салынады.

Еске салсақ, әнші Мереуерт Түсіпбаева елді адастыруға себепші болған әншілерді заң алдында жауап беруге шақырған болатын. Ол тіпті «алаяқтық» бойынша іс қозғалсын деп талап еткен еді.

«274 бап. Жалған ақпарат тарату. Еркек болса, қолымен жасағанын-мойынымен көтерсін, дей ме??? !!!!Қазақтар ұл баланың тәрбиесіне көңілді көбірек бөлген… Ең бастысы- бос сөзден аулақ жүрсін,босбелбеу , болмасын деп тілеген….( По- русски- чтобы “ааатвичал “за свои слова, не хлестался ЯЗЫКОМ!)Танымал екенмін деп өзі толық зерттемеген жобаны ( халықты босқа шығындататын?!) жарнамалауға болмайды!!! Жасадың ба жауапкершілікті мойыныңа ал! Бақпен тақты- салмақ қана көтереді… Елге пайдаң тимесе де- зияның тимесін!Бұл менің жеке пікірім!»,- деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,  «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-не қатысты Қылмыстық кодекстің "алаяқтық" және "қаржы пирамидасы" бабы бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді. 13 адам қамауға алынды. Мемлекетаралық іздеудегі 9 күдікті анықталды.