Әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді

Әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді

Индира Еділбаева әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді. Бойжеткен осылайша танымалдылығын арттыра түскісі келсе керек. Алдымен оны сүйетіндігін айтып, артынша мұны қалжыңға балады.

  • 17 Тамыз 2016
  • 2423
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Индира Еділбаева стилін түбегейлі өзгертіп жатыр. Ол күзге қарай жұрт алдына жаңа образымен шықпақ.

“Біз жыл басында стилімді өзгертуді жөн көрдік. Бұл продюсерім Ерлан Әлімовтың ойлап тапқаны. Бір күні ол маған хабарласып халыққа тың дүние ұсынуымыз керектігін айтты. Дәл қазір біз махаббат туралы жаңа ән жазып жатырмыз. Ән сәл көңіл-күйді түсіреді. Ол жерде мен ер азаматыма сезімімді білдіремін”, – дейді Индира Еділбаева Гәкку арнасына берген сұхбатында.

Мұнымен қатар, бойжеткен халыққа танымал сүйіктісі туралы да айтып өтті. “Мен бұл әнді Әлиге арнаймын. Әли, мен сені жақсы көрем!” – дейді Индира.