Аризона мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор , оны одан әрі дамыту қажет - АҚШ-тағы Қазақстан елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аризона мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор , оны одан әрі дамыту қажет - АҚШ-тағы Қазақстан  елшісі

Аризона мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор , оны одан әрі дамыту қажет - АҚШ-тағы Қазақстан елшісі

Аризона мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор , оны қазақстандықтар мен штат тұрғындарының игілігі үшін одан әрі дамыту қажет. Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев Аризонаның ресми билік өкілдерімен және штат кәсіпкерлерімен кездесу барысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Ақпан 2004
  • 619
Фото - Caravan.kz

«Халықтық дипломатия» желісі бойынша Қазақстанмен тікелей байланыстар орнатуда АҚШ штаттары арасынан Аризонаны «пионер» деуге болады. Штаттың ең ірі қалаларының бірі Тусон мен Алматы арасындағы бауырластық байланыс сонау 1989-жылы орнаған.

Бүгінде бұл ынтымақтастық аясы кеңейе түсті. Бауырлас қалалар арасында «Аризона-Қазақстан әріптестік қоры» құрылып, штат пен Қазақстан арасында әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және қоғамдық-саяси салаларда кең көлемді ынтымақтастық орнады. Аризона өзінің дамыған ауылшаруашылығымен және жоғары технологиялық өндірістерімен танымал. Бұл штатта Моторола», «Ай Би Эм», «Хонейвелл», «Боинг», «Интел» тәрізді әлемге атағы мәшҺүр корпорациялардың кәсіпорындары мен өкілдіктері, жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен АҚШ-тың ірі жоғары оқу орындары орналасқан.
Қазақстан мен Аризона арасындағы іскерлік ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту үшін Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан елшілігі Аризона сауда департаменті мен Тусон сауда-өнеркәсіп палаталарымен бірлесе отырып штат кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар дөңгелек үстелдер ұйымдастырды.
Қазақстандық елші Аризонаның іскерлік өкілдеріне республиканың қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы мен болашағы, елдегі инвестициялық ахуал және ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі тәртіптері туралы әңгімелеп берді. Аризоналықтар биотехнологиялар, телекоммуникациялар, ауылшаруашылығы, өңдеу индустриясы мен қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастыққа ашылған мүмкіндіктер туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады. Республиканың индустиялық-инновациялық даму стретагиясымен танысқан Аризона университетінің жанындағы АҚШ бойынша ең таңдаулыға саналатын ғылыми-технологиялық саябақтардың бірінің директоры Б.Райт қазіргі бар ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде Қазақстанда техносаябақтарды дамытуға қолұшын беруге ықылас білдірді.
Қазақстандық елші штат және Тусон қаласы басшыларымен, Аризона астанасы Феникс қаласының мэрі Ф.Гордонмен кездесті. Американдықтар Қазақстандық әріптестерімен тікелей қарым-қатынас орнатудың маңызын атап көрсетіп, «бір-бірін жете танып білуде және екі ел арасында жақынырақ қарым-қатынас орнатуда халықтық дипломатиятың айрықша роль атқаратынын» атап өтті.
Қазақстан елшісі АҚШ Ұлттық гвардиясының штаб пәтерінде болды. Кездесу барысында Ұлттық гвадияның бас қолбасшысы Д.Ротачак қорғаныс министрлігі мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі арасындағы өзара ықпалдастық ахуалы мен оның келешегіне жоғары баға берді. Аризона Ұлттық гвардиясы Қазақстан армиясының сержанттар құрамын дайындауда және республикалық құтқару қызметін қазіргі заманғы техникамен жабдықтауда көптен бері көмек көрсетіп келеді. Тараптар лаңкестікпен күресте мемлекетаралық ықпалдастықтың маңызды құрамды бөліктерінің бірі болып табылатын осынау әріптестікті одан әрі тереңдету қажеттігі туралы ортақ мәмілеге келді.

Соңғы жаңалықтар