Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Түрікменістанда алғашқы концертін өткізген ресейлік әнші Jony Түркіменстанның экс-басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедовке өз алғысын білдірді.
"Сіздерге өз концертіммен келгенім үшін Сердар Бердімұхамедовке өз алғысымды білдіргім келеді. Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, құрметті Аркадагқа алғыс айтқым келеді", — деді ресейлік әнші Jony.
Естеріңізге сала кетейік, Аркадаг бұл — Түрікменстанның екінші президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың ресми және кең таралған атағы.