Археологтар Оңтүстік Қазақстан облысында біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларға жататын діни құрылыс орнын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Археологтар Оңтүстік Қазақстан облысында біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларға жататын діни құрылыс орнын тапты

Археологтар Оңтүстік Қазақстан облысында біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларға жататын діни құрылыс орнын тапты

Археологтар Түркістан қаласы маңынан біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларға жататын құрылыс орнын тапты. Бұл туралы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Ерболат Самғұлов мәлім етті.

  • 4 Шiлде 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңынан табылған діни нысан крест түрінде салынған, көлемі 18х18 метр. Бұл бір жағынан оның христиан дініне қатысы барын білдіреді. Екінші жағынан, Сырдария өзенінің төменгі жағын мекендеген сақтар құрылысты осындай крест пішіндес етіп салған», — деді ол журналистерге.

Археологтың айтуынша, өткен ғасырдың 60-шы жылдарында мұндай құрылыс нысандарының орны Тараз, Бұхара мен Ташкенттен де табылған. Бірақ «оларды зерттеуге қаржы бөлінбеген» дейді ол.
Археологтар қазба жұмыстарын жалғастыруға қаржы бөлуді сұрап Мәдениет министрлігіне хат жолдады.