Әркімді бір түрте бермей, өз балаңды тәрбиеле - Мөлдір Мұқанның әпкесі Қабатовтың қазіргі тоқалы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 491.59
  • 572.16
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әркімді бір түрте бермей, өз балаңды тәрбиеле - Мөлдір Мұқанның әпкесі Қабатовтың қазіргі тоқалы туралы

Әркімді бір түрте бермей, өз балаңды тәрбиеле - Мөлдір Мұқанның әпкесі Қабатовтың қазіргі тоқалы туралы

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанның туған әпкесі Айгүл Түлкібайқызы Қабатовтың қазіргі тоқалына үндеу тастады.

  • 10 Наурыз
  • 32
Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол өз ойын желідегі парақшасында қалдырды.

«Өзіңді жақсы көр, өзіңе қара деп жан-жақтан түртіп, жаны ашыған болып, жүнжітіп жіберетіндеріңді білесіңдер ме деп айтам осы тақырыпта сөз болса. Әрине әр ситуация әркімде әртүрлі. Бірақ, өмірге бала әкеліп, жас анаға міндет бәлен есе артқанда, сен декретный отпускта текке отырмай ақша табуға болады деп әйелді тіпті қинап жіберетіндері де бар. Ол онлайн жұмыс істеу түгілі, ол әйелге көмек керек екенін кейін түсінесің ғой. 

Ақыл айтып мазасын ала бермей тек сол бір уақытта қолдау және көмек керек. Үй шаруашылығына көмектғспейтін күйеуім, жастары жақын болып өмірге келіп жатқан 5 ұлмен өте қиын болғанын казір біліп отырмын, на автомате істей бергенмін ғой бәрін, әйелдердің көпшілігі солай. Сонымызбен ұрпақты өсіріп, өндіріп жібереміз бәрібір, Алланың қалауымен. 

Енді бір есімді жисам 42 жасқа келіппін. Сол кезде ойладым, болды өмірім бітті, мен кәрімін, ендігісі тек әже болу ғана қалды деп кәдімгідей шешім қабылдап, үй тірлігіне тіпті кірісіп кеттім. Бала туып жүріп жанталасып, қатарыласып істеп жүрген жұмысымды да тастадым, бухгалтерлік жұмысымды қойдым. 45 жасымда ғана сәл тынықтым ба немесе бір жақындарымның сөздері әсер етті ме жас екенімді, өмір енді басталғанын білдім. 

Жұмысымды да қолыма алдым. Аутсорсингпен бухгалтерлік қызметтер көрсетуге бірнеше компания алып, қайта жұмысқа кірістім. Мама, сіз кездесулерге барасыз, компания басшыларымен жұмыс талқылайсыз, сонда жақсы ноутбукпен жүріңіз деп соңғы үлгідегі әдемі ноутбук сыйлады туған күніме (кредит емес, өз ақшаларына алыпты). Үлкен, ескі ноутбугымнан барлық мәліметтерді бүгін өздері көшіріп, программаларын реттеп беріп жатыр. 

Бұл деген бақыт, қамқорлық, махаббат. Болашақ жарларыңа аманаттарыңа осындай қамқор болыңдар, адал болыңдар, ұлдарым. Ата-ана ретінде басымды тік ұстап жүрейін сендер үшін», — деп жазды ол.

Сондай-ақ ол желідегі Stories-ке адамды ойландыратын пост салды.