«Арлан» арнайы жасағы Балқаштағы колонияны шабуылмен басып алуды жалғастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арлан» арнайы жасағы Балқаштағы колонияны шабуылмен басып алуды жалғастырды

«Арлан» арнайы жасағы Балқаштағы колонияны шабуылмен басып алуды жалғастырды

Балқашта қамауда отырған бір топ адам қашуға әрекеттенген АК-159/21колониясында «Арлан»арнайы бөлімшесі шабуылмен басып алу шарасын жалғастыруда,деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

  • 11 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Аумақты ҚАЖК қызметкерлері, Қарағанды облысы ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесі, әскери бөлімшенің арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қоршауға алды. Жұмыс жүріп жатыр. Ол жақта келіссөз жүргізілген шығар (қамауда отырғандармен – ҚазТАГ)», — деді Ж. Сембеков дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Ол жақта кепілдікке алынған адамдар бар ма деген сұраққа ол: «Мен мұны қуаттай алмаймын»,-деп жауап берді.

Бұрын хабарланғандай, 11 шілдеде сағат 1:30 шамасында Балқаш қаласындағы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК департаментінің АК-159/21 мекемесінде ТЖ болды. 12 сотталған азамат ІІМ ішкі әскерлерінің қарауыл күзетшісіне шабуыл жасаған.

Оқиға орнына мекеме қызметкерлерінің кезекші наряды жеткен. Сотталғандардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу барысында атыс салдарынан ҚАЖ екі қызметкері мен бақылау бекетінің күзетшісі жарақат алды.

Медициналық көмек уақытында көрсетілгенімен, контролерлік қызмет сержанты алған жарақаттардан көз жұмды.

ҚАЖ мен ішкі әскерлердің әскери бөлімшесі қызметкерлерінің күшімен сотталғандардың топтасып қашуына жол берілмеді.

Соңғы жаңалықтар