Арман Қуанышбаев: Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын беру шариғатта жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арман Қуанышбаев: Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын беру шариғатта жоқ

Арман Қуанышбаев: Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын беру шариғатта жоқ

Елімізде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады.

  • 21 Тамыз 2019
  • 880
Фото - Caravan.kz

Жұрт күліп кетеді деп, дүниеден өткен адамды жерлеуден кейін жүздеген адамға ас берілді, шапан, тақия, орамал, таратылды. Жалпы, кісісі өлген қаралы үйдің осыншалық деңгейде шашылып, шабылуы дұрыс па? Оған қатысты уағыз айтып жүрген имамдардың да желіде тарап жүрген пікірлері әр түрлі. Бірі жетісін, қырқын және жылын беру шариғатта жоқ десе, енді бірі мұны жасамаған адам мұсылман емес деп кесіп айтқан. Сонымен кімдікі дұрыс? Бұл ғұрыптар шынында шариғатқа қайшы ма?

Бұл туралы Бірінші арна Еуразия хабарлайды.

Бақилық болған адамның артынан әр өңірде жетісін, қырқы мен жылын өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Яғни қазан-қазан ет асып, қатар-қатар аста-төк дастархан жайылады. Осы мәселеге келгенде түрлі діни пікірлер көбейді. Еліміздің тұңғыш мүфтиі бұл ғұрып шариғатымызда бар екенін айтқан.

РАТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫ, ҚР ТҰҢҒЫШ МҮФТИІ ((1990-2000 Ж.))

«Жетісі, қырқы, жылы шариғатта бар. Ал бар болса, міндетті ма, жоқ ерікті ме деген сауал туады. Ерікті»

Ал танымал теолог, дін насихатшысы Арман Қуанышбаев ас беру деген шариғатымызда бар дейді. Алайда оның пікірінше, жетісін, қырқын, жылын өткізу шариғатта белгіленбеген.

АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ, ТЕОЛОГ, ҚМДБ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Ананы да мынаны да жақтау емес мақсат. Бұл жерде шаиғаттың үкімі. Расында да қырқы, жылы деп белгіленбеген. Ол шариғатымызда жоқ нәрсе»

Осылайша бұл мәселеге қатысты пікір әртүрлі болып отыр. Осы себепті Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасынан ел арасында сіңісіп кеткен ғұрыптарға қатысты пікір сұрап көрген едік. Басқарманың пәтуа бөлімінің маманы жетісі, қырқы мен елуіне қатысты нақты бір үкімі жоқ дейді. Бірақ топырақты өлімді торқалы тойға айнылдырып жіберуге болмайды.

БӨЛТІРІК МҰХАММЕДИЯР, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ, ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:


«Салт дәстүр ретінде қалыптасқан халықта. Яғни ол жердегі мақсат- жаназаға қатыса алмаған туған туыстарының, жора жолдастың бастарын қосып, сол жердегі көңіл айту».

 

Жалпы ел алдында уағыз айтатын имамдардың пікір қайшылығы бұған дейін де болған. Естеріңізге сасам, өткен жылы дінтанушы Ризабек Батталұлының мешітке жиналған жамағат алдында "шариғат әйелді ұруға рұқсат береді" деген уағызы әлеуметтік желіде біраз шу болған еді. Осындай жағдайлар қайталанбас үшін діни басқармасы имамдардың бірізділікпен сөйлеу, Құран аяттарын, хадистерін дұрыс жеткізу жыл сайын олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп келеді.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ НАСИХАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

«Қазақстан бойынша 300-ге тарта насихат тобы бар. Біз әр жыл сайын имамдарымыздың, дін қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отырамыз. Жалпы мынау шешендік өнер бойынша, мақала жазу бойынша»

 

Діни басқарма мамандарының сөзінше, барлық имамның деңгейі бірдей емес. Кезінде кадрлар өте тапшы болды. Діннен, Құраннан аз-маз хабары барлар имам болып кете барды. Соның салдарынан өзі не білсе, соны айтып, көпшілік арасында насихаттап жүрді. Ал қазір дін насихатшыларына асығыстықпен пәтуа бермеуді, "Құран, хадис ақиқатты айтып тұр" деп барлық жерде айта беруге болмайтынын ескертіп келеді екен.

Соңғы жаңалықтар