Армения ЕАЭО елдерінде долларландыруды қысқарту керек деген пікірді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения ЕАЭО елдерінде долларландыруды қысқарту керек деген пікірді қолдайды

Армения ЕАЭО елдерінде долларландыруды қысқарту керек деген пікірді қолдайды

Армения ЕАЭО елдерінде долларландыруды қысқарту керек деген пікірді қолдайды. Бұл туралы Гроднодағы Еуразиялық  үкіметаралық кеңес отырысында Армения премьер-министрі Овик Абрамян мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Армения ЕАЭО-дағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты қамтитын құжат жобаларының қабылдануын қолдайтынын айтты. «Өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды қолдаймыз. Мемлекеттерімізде тиімді өзара әрекеттесу мүмкіндіктері бар», — деді ол.

Овик Абрамян осыған дейін қаржы нарығын реттеу бойынша келісілген  келісімдерді қолдады. «ЕАЭО ұлттық валютада өзара есеп айырысу мен долларландыруды қысқарту бойынша шаралар қабылдау керек. Сонымен қатар келісілген  макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өзекті. Мұнда ЕАЭО елдері арасында рубль базасында өзара сауда жүргізу идеясы маңызды», — деп есептейді Арменияның үкімет басшысы.

Еуропалық одақпен тығыз ынтымақтастықта болу да маңызды, деп қосты ол. «Еуроодақпен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша жинақталған келіссөздер жүргізу тәжірибесін назарға алып, ЕЭК осындай диалог орнатуға көмектесіп, керек болған жағдайда кей келіссөздер жүргізуде жауапкершілікті алуға дайынбыз», — деді премьер-министр.


Соңғы жаңалықтар