Армения Еревандағы «Көк мешітті» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салады- аталған елдің Мәдениет министрі
Арменияның Мәдениет министрі Асмик Погосиан Еревандағы парсылардың «Көк мешітін» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салатынын айтты. Бұл туралы ол «Армянпресс» ақпараттық агенттігіне мәлімдеген. |
Погосиан былтырғы жылдың күзінде Иранға жасаған сапары барысында былай деген болатын: «Иран - армяндардың шіркеулеріне, мектептеріне және білім беру, мәдени орталықтарына тиісінше жақсы көңіл бөліп отырған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Ирандықтар біздің ескеркіштерді өте жақсы күтіммен ұстап отыр».
muslim.kz сайтының жазуынша, «Көк мешіт» - Еревандағы мұсылмандардың құлшылық ететін жалғыз орын. Әрі бұл мешіт Кавказ аймағындағы ең үлкені.
«Көк мешіт» 1766 жылы салынған болатын. Кеңес өкіметі жылдарында мешіт Ереван қаласының музейіне айналды. Иран үкіметі 1996-1999 жылдары құлшылық орнын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін