Армения Еревандағы «Көк мешітті» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салады- аталған елдің Мәдениет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения Еревандағы «Көк мешітті» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салады- аталған елдің Мәдениет министрі

Армения Еревандағы «Көк мешітті» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салады- аталған елдің Мәдениет министрі

Арменияның Мәдениет министрі Асмик Погосиан Еревандағы парсылардың «Көк мешітін» ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін барын салатынын айтты. Бұл туралы ол «Армянпресс» ақпараттық агенттігіне мәлімдеген.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 303
Фото - Caravan.kz

Погосиан былтырғы жылдың күзінде Иранға жасаған сапары барысында былай деген болатын: «Иран — армяндардың шіркеулеріне, мектептеріне және білім беру, мәдени орталықтарына тиісінше жақсы көңіл бөліп отырған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Ирандықтар біздің ескеркіштерді өте жақсы күтіммен ұстап отыр».

muslim.kz сайтының жазуынша, «Көк мешіт» — Еревандағы мұсылмандардың құлшылық ететін жалғыз орын. Әрі бұл мешіт Кавказ аймағындағы ең үлкені.

«Көк мешіт» 1766 жылы салынған болатын. Кеңес өкіметі жылдарында мешіт Ереван қаласының музейіне айналды. Иран үкіметі 1996-1999 жылдары құлшылық орнын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.