Армения ОДКБ-дан көмек сұрады: Қазақстан "Қаңтар оқиғасының" қарымтасы ретінде Әзірбайжанға қарсы қару ұстап шығуы мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения ОДКБ-дан көмек сұрады: Қазақстан "Қаңтар оқиғасының" қарымтасы ретінде Әзірбайжанға қарсы қару ұстап шығуы мүмкін бе?

Армения ОДКБ-дан көмек сұрады: Қазақстан "Қаңтар оқиғасының" қарымтасы ретінде Әзірбайжанға қарсы қару ұстап шығуы мүмкін бе?

Армения мен Әзірбайжан арасында тағы да қақтығыс болып жатыр. Бұл жолы Армения ҰҚШҰ-дан (ОДКБ -ред) көмек сұрады. Көпшілік қазақстандықтарды аталған мәселе алаңдатып тастады.  Себебі, Армения төрағалық ететін ОДКБ-дан қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан да көмек алған болатын.

  • 13 Қыркүйек 2022
  • 1542
Фото - Caravan.kz

Енді Қазақстан  бауырлас Әзірбайжанға қарсы ОДКБ құрамында қару ұстап шығуға мәжбүр бола ма?

Саясаттанушы Асхат Қасенғали аталған күрделі мәселе бойынша өз ойын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

"Армения ОДКБ-дан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрауда. Маған десе Рим Папасына хат жазсын, оған ешкім көмектеспейді. Сыртта митингтер өтер, БАҚ шулайтын болар. ОДКБ аузын жыбырлатуы мүмкін, бірақ саусағының ұшын да қимылдатпайды. Бір-екі қатаң мәлімдемемен тоқтайды", деді саясаттанушы.

Асхат Қасенғалидың пайымдауынша, онсызда  Украинамен әлек болып жүрген Ресейдің тағы бір майдан ашуға шамасы да жетпейді, құлқы да жоқ.

 "Армения жеңілген, кедей ел. Ол сыртқы саясатта ешкімге ештеңе бере алмайды. Қазақстан Каспий арқылы транспорт-логистиканы үдетуде. Ол тек Әзербайжан арқылы іске асады. Біз максимум тараптарды “сабырға шақырып, мәселені үстел басында шешуге” үндеп қоямыз. Болды. Ресей де Армения үшін Түркиямен ашық жанжалдасқысы келмейді. Әзербайжан газының Еуропаға еселеп сатылуы әрине Мәскеуге ұнамайды, сондықтан осындай қақтығыстарға мүдделі болса да, Әзербайжанмен соғысады деп ойламаймын. Армения арандатуын қоймаса, жағдайы қиындай береді. Оның бір ғана жолы бар: Әзербайжанмен келісімге келіп, кешірім сұрап, әзәрге басқыншы қолында қалған жерін тез арада қайтарып, миналанған аймақтың шынайы картасын беріп, Нахичеваньға апарар дәлізді ашып, қатынасты қалпына келтіру. Басқа жолы жоқ", — деді саясаттанушы.


Соңғы жаңалықтар