Армения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді

Армения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді

АСТАНА. 6 қараша. Kazakhstan Today. Армения президенті Роберт Кочерян ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 417
Фото - Caravan.kz

Армения басшысы мінген ұшақ Астана әуежайына 15 сағат 30 минутта келіп қонды. Оны сыртқы істер министрі Қасымжомар Тоқаев қарсы алды.

Осыған дейін айтылғандай, екі күндік сапар барысында Армения президенті Роберт Кочерян мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында келіссөздер болады. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға, оның ішінде азаматтардың өзара жүріп-тұру жөніндегі үкіметаралық келісімге және халықаралық атвокөлік жолдары туралы құжаттарға қол қойылады. Оған қоса, екі мәрте салық салудан бас тарту туралы Конвенцияға қол қою жоспарланған.

Сарап аясында «Қазақстан мен Арменияның экономикасы, екі жақты ынтымақтастықтың келешегі» атты тақырыпта іскер ортаның және екі елдің даму институттары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақстан СІМ ақпаратына сәйкес, Р.Кочерян сейсенбі күні армян қоғамдастығы өкілдерімен кездеседі және Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, мемлекет басшыларының Аллеясына ағаш отырғызады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта