Армения президентінің Қазақстанға сапарының аясында тараптар келісім-құқықтық базасындағы ақтаңдақтарды толтырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения президентінің Қазақстанға сапарының аясында тараптар келісім-құқықтық базасындағы ақтаңдақтарды толтырмақшы

Армения президентінің Қазақстанға сапарының аясында тараптар келісім-құқықтық базасындағы ақтаңдақтарды толтырмақшы

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. Армения президенті Роберт Кочарянның алдағы Қазақстанға сапарының аясында тараптар келісім-құқықтық базасындағы ақтаңдақтарды толтырмақшы. Бұл туралы ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Оңжанов сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының екінші отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Біз Армения президентінің сапары барысында бірнеше құжатқа қол қоюға дайындадық. Олар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға негіз болмақ. Өйткені, екі республика арасындағы келісім-құқықтық база мүлдем толық емес. Біз бұл олқылықтың орнын толтырып, тараптардың келісім-шарты аясында ынтымақтаса алуына жағдай жасамақпыз»,- деді Н.Оңжанов.

Оның айтуынша, азаматтардың өзара барыс-келісі туралы және халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімдер мен қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенция қол қоюға дайын болды. Сонымен бірге, екі елдің бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы мекемеаралық келісім де дайын. «Бұған қоса тағы да бірнеше құжатты мемлекет басшыларының қол қоюына ұсынуға мүмкіндік бар. Бұл мәселе сапар барысында белгілі болады»,- деді Н.Оңжанов.

«Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын пәрмендендіру мәселесінің маңызы зор. Президенттердің кездесуінің қорытындысы бойынша бұған қол жеткізіледі деп ойлаймын»,- деді ол.

Өз тарапынан Армения ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Самвел Авитесянның айтуынша, «Армения президентінің сапары екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды күшейту мен ынталандыру мақсатын көздейді. Сапар барысында қол қойылатын құжаттар да осы мақсаттарды іске асыруға бағытталған. Екі ел арасындағы тауар айналымының мардымсыздығы біздің көңілімізден шықпайды. Екі елдің әлеуеті әлдеқайда жоғары және біз оны іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз»,- деді министр.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың 8 айында 16,4 млн. долларды құрады. Оның ішінде Қазақстан өнімдерінің Арменияға экспортының ауқымы 13,9 млн., Армения өнімдерінің Қазақстанға импортының үлесі 2,5 млн. долларды құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Армения президенті Роберт Кочарян ресми сапармен 6-7-қарашада елімізге келеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта