Арменияда оқып жүр жалғыз қазақ баласы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арменияда оқып жүр жалғыз қазақ баласы

Арменияда оқып жүр жалғыз қазақ баласы

Шетелде тегін білім алуға тамаша мүмкіндік! Арменияда тереңдетіп оқытатын әлемдік деңгейдегі жаңа мектеп ашылды. Білім ордасының қарапайым мектептерден айырмашылығы сол, оны бітірген түлек төрткүл дүниенің кез-келген бұрышындағы университетке тегін түсе алады. Курорттық аймақта орналасқан оқу орны кілең дарынды ұл-қыздарды іріктеуге кірісіп те кеткен. Әлем бойынша оқ бойы озық шыққан жүз баланың арасында қазақ қызы да бар. 

  • 15 Қазан 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz

Армения. Ауасы таза, аумағын тау жайлаған мемлекет. Нағыз  тастардан соғылған үйлерден бастап көне сарайлар да бар мұнда. Жәдігерлер бір қыры мүжілмей сақталған. Қышқылтым шарабымен танымал ел жүзім жемісінен түрлі тіл үйірер тәттілерді жасауға да шебер.  Ал нағыз сыйлы қонағын армяндар ең алдымен асүйіне жетелейді.                  

-Бізге қазір армян лавашын дайындауды ұсынды.Иленген қамырды және тағы да қолмен осылай орап, аздап созу керек екен. Бұл лаваштың әп-әдемі болып пісуіне өзінің септігін тигізеді. Қамырымыз дайын болды. Енді оны кәдімгі қазақтың тандырына салып, лаваш дайындап көрейік, өте ыстық ендеше қазір көреміз қалай шығатынын.

Ал демалыскүндері мұнда көшелерден қыбырлаған тірі жан таппайсыз. Тіпті, ел астанасы – Ереванның өзінде сенбі, жексенбі күндері ел-жұрт тынығуға тауға шығып кетеді екен. Міне, осындай, табиғаты тамылжыған жерде армяндар ТМД-дағы ең тұңғыш халықаралық дәрежедегі мектеп ашты. 

—  
Бұл спорт кешені. Бассейні де бар.

Мұндай арнайы мектеп әлемде тек 10 шақты ғана екен. Қазір мұнда 50 елден тек 100 бала түскен. Ажар — сол жүздің ішіндегі жолы болған жалғыз қазақ қызы.    

Ажар Көшкінбаева:

— Түркиядан адамдармен мен қазақ тілінде сөйлеймін. Олар мені кішкене түсінеді. Және мен олармен түрік тілінде сөйлескенде мен де оларды кішкене, бірақ түсінемін.

Оқу орны жап-жаңа. Көп сыныптарға оқушылар әлі кіріп те үлгермепті. Сабақтар тек ағылшын тілінде өткізіледі. Қай пәнді оқимын десе де баланың өз еркі. Яғни, қарапайым мектепті бітірген түлектер мұнда тағы 2 жыл білімін жетілдіріп  халықаралық диплом үлгісімен тестілеусіз кез-келген елде маман иесі атана алады.   

— Мұндағы мектепті бітірген соң  Англияға барамын. Кейін  Қазақстанға келем. Сәлем, бәріне, менде бәрі жақсы!