«Армения келісімшарт күшіне енген сәттен бастап ЕАЭО толық құқылы мүшесі атанады», — деді Қаржы министрі Сурен Караян.
Премьер-министр Овик Абраамян министрліктер мен ведомстволарға Армения жағы әзірлеген келісімшарттың түпнұсқаға сәйкестігін тексеру үшін үш күн мұрсат берді.
Құжатқа қазанның оны күні Минскіде қол қойылады деп күтілуде.