Армияшылардың орталық спорт клубының мүшелері Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армияшылардың орталық спорт клубының мүшелері Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Армияшылардың орталық спорт клубының мүшелері Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден алтын медаль иеленген лейтенант Ольга Рыпакова Армияшылардың орталық спорт клубындағы тұңғыш чемпион атанды.

  • 6 Тамыз 2012
  • 494
Фото - Caravan.kz

4 жыл бұрын Бейжіңде 4-орынға табан тіреген Ольганы ҚР Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубы — Спорт комитеті төрағасының орынбасары Алмат Тәжібаев бұл жолы алтын медальден үміткер 2 спортшының бірі ретінде атаған болатын. Мәселен, 4 жыл бұрын Қытай астанасында болған додада 30 әскери-спортшының арасында бокстан Еркебұлан Шынәлиев, еркін күрестен Елена Шалыгина қола жүлдегер атанған болатын. Биыл 26 әскери-спортшы спорттың 8 түрі бойынша қатысуда.

Алмат Айнабекұлының айтуынша, енді боксшы, аға лейтенант Серік Сәпиев (69 кг) те өз арманына қол жеткізуге жақындап келе жатыр. Сондай-ақ жүлдегерлер сапында болады деп сенім артқан кіші сержант Біржан Жақыпов (49 кг) пен Ғани Жайлауов (60 кг) та ширек финалға шықты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера