«Онда жарыс қожайындарынан алматылық Станислав Моренков (78 кг), Валери Баранов (86 кг), Артем Золотов (86 кг), Руслан Ронерт (+105 кг) пен талғарлық Борис Габченко (105 кг) Кубок иесі атанды. Ал қонақтардан бұл мәртебеге өзбекстандық Шерздо Рахмонов (57 кг) пен Нодиржан Худайбердиев (70 кг) және қырғызстандық Константин Клейнер (63 кг) ие болды. Сондай-ақ абсоютті салмақ дәрежесінде оң қолмен күресуде алматылық Борис Габченко бірінші, талғарлық Валерий Баранов пен Артем Медведов 2-3 орынды бөлісті. Сол қолмен күресуде алматылық Руслан Ренерт пен Борис Габченко 1-2, ал оңтүстікқазақстандық Мұрат Қайырлин үшінші орынды иеленді», дейді Алматы облыстық армрестлинг және гир спорты федерациясының президенті Евгений Шамрай.