Армстронгпен дауға байланысты велоспорт Олимпиада ойындарының тізімінен алынуы мүмкін
Лэнс Армстронгтың допингтік дау-дамайына байланысты велоспорт Олимпиада ойындарының тізімінен шығарылу алдында тұр. |
Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады. Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі (ХОК) Дик Паунд, егер Армстронг Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) дау-дамайға қатыстылығын дәлелдей алса, ХОК-та велоспортты олимпиадалық ойындардың бағдарламасынан алып тастаудан басқа амал қалмайтындығын атап өтті.
Өткен жылдың тамыз айында Американдық допингке қарсы агенттігі (USADA) спортшы допингті қолданғандығы туралы өзінің кінәсін жоққа шығарудан бас тартқаннан кейін, Армстронгты өмір бойына дисквалификациялап, оны 1999 жылдан бергі спорттағы барлық жетістіктерінен айырды.
Кейінірек кейбір американдық велошабандоздар Армстронгтың допингті қолданғандығын білгендігі анықталды.
Дүйсенбі күні Армстронг тележүргізуші Опре Уинфриге тыйым салынған заттарды пайдаланғандығын мойындады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін