Жарияланды: 360

Арнайы комиссия Балқаш түрмесіндегі тұтқындардың қолына қарудың қалай тигенін анықтайды

Бүлік шыққан Балқаштағы нөмірі 159/21 түрмесінде арнайы тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қылмыстық істен басқа қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оны Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жеке қауіпсіздік департаменті қызметкерлері жүргізуде», - деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасы бастығының орынбасары Серікбай Жаппаров мәлім етті. Оның айтуынша, тексеру барысында түрмеге қару-жарақ алып кіруге жол берген лауазымды тұлғалар анықталады. «Қызметтік тексеру барысында түрмеге қару-жарақ пен ұялы телефондар қалай кірді және осы қылмыстық акцияны неліктен ешкім байқамай қалды деген сұрақтарға жауап беріледі», - деді С.Жаппаров. «Мұндай оқиға комитет жүйесінде бұрын-соңды болып көрген емес» деп атап өтті ол. «Бұл жерде қылмыстық атқару жүйесі мен тұтқындар ымыраласты деп айтуға әлі ертерек. Ешкім жауапкершіліктен қашпайды. Бірақ, барлық органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетінің бағасы осы қызметтік тексеруден кейін беріледі», - деп атап өтті С.Жаппаров.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін