Арнайы комиссия Балқаш түрмесіндегі тұтқындардың қолына қарудың қалай тигенін анықтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арнайы комиссия Балқаш түрмесіндегі тұтқындардың қолына қарудың қалай тигенін анықтайды

Арнайы комиссия Балқаш түрмесіндегі тұтқындардың қолына қарудың қалай тигенін анықтайды

Бүлік шыққан Балқаштағы нөмірі 159/21 түрмесінде арнайы тергеу амалдары жүріп жатыр.

  • 12 Шiлде 2011
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық істен басқа қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оны Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жеке қауіпсіздік департаменті қызметкерлері жүргізуде», — деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасы бастығының орынбасары Серікбай Жаппаров мәлім етті.

Оның айтуынша, тексеру барысында түрмеге қару-жарақ алып кіруге жол берген лауазымды тұлғалар анықталады.
«Қызметтік тексеру барысында түрмеге қару-жарақ пен ұялы телефондар қалай кірді және осы қылмыстық акцияны неліктен ешкім байқамай қалды деген сұрақтарға жауап беріледі», — деді С.Жаппаров.
«Мұндай оқиға комитет жүйесінде бұрын-соңды болып көрген емес» деп атап өтті ол.
«Бұл жерде қылмыстық атқару жүйесі мен тұтқындар ымыраласты деп айтуға әлі ертерек. Ешкім жауапкершіліктен қашпайды. Бірақ, барлық органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетінің бағасы осы қызметтік тексеруден кейін беріледі», — деп атап өтті С.Жаппаров.

Соңғы жаңалықтар