Жарияланды: 350

Арнайы қызметтер Алматыда құқық қорғаушы "Аман-саулық" қорының офисін тінтіді

Алматыда қоғамдық құқық қорғаушы "Аман-саулық" офисін ҰҚК қалалық департаментінің қызметкерлері тінтіп шықты, техника және құжаттар тәркіленді, деп хабарлады ұйымның президенті Бақыт Түменова.

"Біз бұл орынды 1-қараша күні жалға алғанбыз, бізден бүкіл техника, флешкалар, диктофондар, фотоаппараттар және қағаздар тәркіленді. Жұмыс істей алмай қалдық", деді ол Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, "Аман-саулық" офисі тыйым салынған "Алға" оппозициялық партиясы жетекшілерінің бірі Мұратбек Кетебаевтың ғимаратында болған. Б.Түменова бұл М.Кетебаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген шаралар деп топшылайды. "Бірақ М.К.Кетебаевтың қылмыстық ісі шеңберінде арест тек жылжымайтын мүлікке, офиске, жер теліміне қойылуға тиіс. Ол субарендаға алушының заттарына қатысты болмауға тиіс", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін