«Сериалда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекетаралық (Қазақстан және АҚШ) жобаны жүзеге асыру жөніндегі операциясы көрсетілген, онда МАГАТЭ және депозитарий ел АҚШ бақылауымен елден басқа жаққа бейбіт мақсатта пайдаланылмаған жоғары байытылған уранды әкету жөнінде айтылған», делінген «Қазақфильм» киностудиясының сайтында берілген баспасөз хабарламасында.
Телесериалда басты рөлдерде Төлеубек Аралбаев, Тұнғышбай Жаманқұлов, Ерік Жолжақсынов, Нуржұман Ихтымбаев және Фархат Әбдірайымов ойнады.
Сериалдың премьерасы сейсенбіде «Хабар» телеканалында басталады және екі апта бойы көрсетіледі, делінген хабарламада.