"Ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз": Депутат Ардақ Назаров басы дауға қалған әріптесі Дәулет Тұрлыхановқа араша түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.95
  • 525.49
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз": Депутат Ардақ Назаров басы дауға қалған әріптесі Дәулет Тұрлыхановқа араша түсті

"Ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз": Депутат Ардақ Назаров басы дауға қалған әріптесі Дәулет Тұрлыхановқа араша түсті

Күні кеше Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қызға қол көтерді деп айыпталып, желіні шулатты. Осымен шенеуніктің екінші ұлы дауға ілігіп, әкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров болған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

  • 7 Қыркүйек 2023
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ардақ Назаров даулы оқиғаны депутатты аяқтан шалушылардың кезекті құйтырқы әрекеті деп бағалады.

“Дәулет аға Қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар. Қызмет келген мақсаты біреу – елінің жыртығына жамау болу…
Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тірісінде қадірін біле алмадық. Ендігі ол кісінің ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тікесінен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді. Ал біз ше? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтіріп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті”, – деп жазды депутат.

Саясаткер көпшілікті болған жағдайды ақылға салуға шақырды.

“Кейінгі уақытта, елінің сөзін сөйлейтін, Қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау: еліне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа теріс етіп көрсетіп, абыройын түсіріп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізге нұқсан келтіру. Ойланайық Қазағым…”, – делінген жазбада.


Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қызға қол көтерген видеосы тарады. Шенеунік болған жағдайға қатысты пікір білдірді.