«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова ыдыс-аяқ жуып, күн көріп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова ыдыс-аяқ жуып, күн көріп жүр

«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова ыдыс-аяқ жуып, күн көріп жүр

Осындан 14 жыл бұрын сахнаның сәніне айналып, елдің сүйіспеншілігіне бөленген Жанар Хамитова ең алғаш рет SuperStar KZ байқауында жарық етіп халыққа көрінген болатын. Кейін «Арнау» тобын құрып, ән әлеміне бірден дендей кіреді. Дегенмен 10 жыл бұрын Жанар қазақ эстрадасынан кетіп, көрермендері оны жоғалтып алған еді.

  • 17 Сәуiр 2019
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бір кездері болашағы зор деп үміт күткен Жанар Хамитова қазір қайда, не істеп жүр?

Оның жауабын КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасы анықтады. Белгілі болғандай Жанар ән айтуды әзірге қойған. бүгінде ыдыс-аяқ жуып күн көріп жүр. 10 жыл ішінде «Арнау» тобының бұрынғы әншісі адам сенгісіз талай жағдайды өткізген. Ол өзінің бастан кешкені жайлы аталған бағдарламада толық баяндап берді

Жанар бүгінде екі баланың анасы. Бірақ екі ұлын бұрынғы шетелдік күйеуінің қолына берген. Бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұратын ол жуық арады ән айтқысы келмейді екен.