Арқалық қаласында адам өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқалық қаласында адам өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды

Арқалық қаласында адам өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды

Арқалық қалалық сотында Арқалықтың 28 жастағы тұрғыны Тимур Жүргібаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіру және өзгенің мүлкін ұрлау бойынша айыпталған.

  • 30 Маусым 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Абылайханның хабарлағанындай, қылмыскер 57 жастағы әйелді балғамен ұрып, ол көз жұмған соң денесіне көптеген жарақат салған. Қылмыс жасалған кезде қылмыскер алкоголді ішімдікке мас болған және жәбірленушімен арада ұрыс-керіс болған. Қылмыс жасағаннан кейін ол әйелдің ұялы телефонын және алтын сырғаларын әкеткен.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бейбіт Ұзақбаев қылмыскерге қатаң режимдегі колонияда 9 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

Соңғы жаңалықтар