Бұл туралы kstnews.kz сайты жазды.
«Бұл мешіттерді 1992-99 жылдар аралығында біздің компания биліктің тапсырысы бойынша салды. Бірақ бізбен толық есеп айырысқан жоқ. Мен соттқа жүгініп, жеңіп шықтым. Бірақ сот шешімі бойынша ақшаның орнына мешіттерді берді. Ал маған мешіттің не керегі бар», — дейді Болат Әбдібеков.
Компания қожайыны ақысын қайтарып алу үшін талай есікті тоздырыпты.
«Былтыр мені әкімдіктегі шағын отырысқа шақырды. Онда бір шенеунік әйел мешітке деп 5 миллион доллар жиналғанын айтып қалды. Нақтырақ айтқанда кәсіпкерлерден жинаған бидайды сату барысында осындай сома жиналған. Ол ақша қайда? Әлгі ақпаратты естіген соң прокуратураға жаздым. Бұдан ары алысуға шамам жоқ. Мешітті бұзып, құрылыс материалдарын котедж салуға пайдалануға болар еді. Бірақ ол — күнә! Сатудан басқа амал қалған жоқ»,- деді Б. Әбдібеков.