Арқалықтағы түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді - әділет министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқалықтағы түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді - әділет министрлігі

Арқалықтағы түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді - әділет министрлігі

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қостанай облыстық ҰҚКД-мен бірлесе отырып Арқалықтағы УК-171/12 түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 373
Фото - Caravan.kz

Түзету мекемесіндегі бірлескен шұғыл шара бүгін жүзеге асырылды. «Түзету мекемесінің бақылау-тексеру бекетінде оперативтік қызметкерлер осы мекеменің асханасында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерді құрықтады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тексеру кезінде қызметкерден 20 грамға жуық есірткі тәркіленді.

«Қазір бұл дерек бойынша қажетті материалдар жинақталуда. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта