Арқанкергендегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды
|
Бүгін Арқанкерген шекара бекетіндегі қанды қылмысқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Процесстің өзі ашық болмақ. Ал үкім кесу алқа билерге жүктеліп отыр.
Бас әскери прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, 14 әріптесі мен бір қорықшыны өлтірді деп айыпталған Владислав Челахтың адвокаттары материалдармен танысуды 26-шы қазанда аяқтаған. Сондай-ақ қылмыстық іспен жәбірленуші тараптың өкілдері, яғни марқұмдардың туған-туыстары да танысыпты. Тек ДНК сараптамасы анықталмаған шекарашы Денис Рей мен Мейірхан Именовтің аналары өз құқықтарын пайдаланбаған. Айта өтейік, Владислав Челах қылмыстық кодекстің 9 бірдей бабы бойынша айыпталып жатыр. Алғашқы сот отырысы қараша айының соңына таман болады деп күтілуде. Ал процесс Челахтың өзінің сұрауы бойынша ашық өтеді және қылмыстық іс алқа билердің қатысуымен қаралмақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін