Қытайда өндірілген «Хова» маркалы үш автокөлік «Арселор Миттал Теміртау» АҚ аумағында таңертеңгі сағат үш шамасында ұсталған. Көлікті Қарағандыда тұратын 51, 45 және 39 жастағы үш адам айдаған. Көліктерге жалпы салмағы 100 тонна болатын шойын плиталар тиеліпті, жүктердің ілеспе құжаттары болмай шыққан. Қазір қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығып, шығын көлемі анықталу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті