«Арселор Миттал Теміртау» басшылығы Петропавл кәсіпорындарының басшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арселор Миттал Теміртау» басшылығы Петропавл кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

«Арселор Миттал Теміртау» басшылығы Петропавл кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ өкілдері жұмыс сапарымен Петропавлда болып, өңірдегі жетекші машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, облыс әкімі Серік Біләловпен де кездесу өткізді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесу облыстық әкімдік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшылығы арасында жасалған әріптестік жөніндегі меморандум аясында мүмкін болды. Нәтижесінде АҚ өкілдері мен зауыттар басшылығы іскерлік мақсаттағы ниеттерін құжат жүзінде бекітті.

Мамырдың төртінде облыстық әкімдік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның басшылығы арасында үшжақты әріптестік жөніндегі меморандум жасалған болатын. Бұл келісім — Елбасының қазақстандық үлесті ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау бағытындағы маңызды қадам, деп атап өтті облыс әкімі Серік Біләлов.

Әріптестік жөніндегі меморандум аясында АҚ өкілдері өңірімізге арнайы келіп, жетекші машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен жан-жақты танысты. Делегация «ЗИКСТО», «ПЗТМ» мен Киров атындағы зауыттарда болып, өндіріс ошақтарының жарақтандырылуын және шығаратын өнімдерін байқап көрді.

Жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін теміртаулық әріптестері жоғары бағалап отыр. Өз кезегінде солтүстікқазақстандық тауар өндірушілер де тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатуға әзір.

«Арселор МитталТеміртау» АҚ өкілдері мен жергілікті зауыт басшылығы іскерлік мақсаттағы ниеттерін құжат жүзінде бекітті. Кездесулер нәтижесінде келісілген мақсат-міндеттер хаттамада айқындалған.

Енді жергілікті зауыт өкілдері маусым айының басында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен бармақ. Олар өнім шығару үшін барлық талаптармен танысуды, әріптестік жолдарын талқылап, нақты келісім жасасып қайтуды межелеп отыр.

Соңғы жаңалықтар