"Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды - кәсіпорынның кәсіподақ комитеті

Бүгін кәсіпорын қызметкерлерінің демалыс мерзімін 2008 жылдың 16 қазанынан 31 қазаға дейін ұзарту жөнінде кезекті бұйрыққа қол қойылды, деді В. Дубин. Бірақ оның айтуынша, жұмыс істемей отырғандардың саны 4213-тен 3699 дейін азайтылды.

Сонымен бірге, 400 адам қысқартылған жұмыс аптасына көшірілді: олар 5 күннің орнына 4 күн жұмыс істейді. Осы күн үшін оған орташа жалақының 50% төленеді.