«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартты

«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартты

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жұмысшыларының жалақысын 25 пайызға қысқартты. Осындай бұйрыққа өндіріс алпауытының бас директоры Виджай Махадеван қолын қойып, көпшілікке жария етті.

  • 7 Тамыз 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

Компания басшылығының айтуынша, Ресей рублінің құлдырауынан кейін көрші елдің өнімдеріне де сұраныс жоғарылаған. Тиісінше, Теміртауда өндірілетін метал экспортына бұл жайт кері әсерін тигізіп отыр екен. Виджай Махадеван дағдарыс кезінде жұмыс орындарын қысқартқанша, жалақыны төмендетуді жөн деп тауып жұмысшыларына үндеу жолдапты. Бас директордың бұйрығымен металлургтер мен кеншілердің кәсіподақ ұйымы басшылығы да танысқан. Алайда, олар компания тарапынан еңбек туралы заңның бірнеше баптары бұзылғанын айтады. Арыз шағымдарын прокуратураға жолдап та қойыпты.

Александр Поляков, «Қорғау» метталургтер мен кеншілер кәсіподағының бөлім бастығы:

— Естеріңізде болса, компания басшылығы жылдың басында осындай бұйрық шығарған еді. Сол кезде де дәл осындай заң талаптары бұзылды. Арыз-шағым жазылған соң және үкіметтің араласуымен бұл мәселе шешілген болатын. Енді бізбен келіссөздер жүргізуді жөн деп таппай, бұл әрекетін тағы қайталап отыр

Соңғы жаңалықтар