«АрселорМиттал Теміртау» болат өндіру көлемін 22%-ға арттырып, 1936,6 мың тоннаға жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АрселорМиттал Теміртау» болат өндіру көлемін 22%-ға арттырып, 1936,6 мың тоннаға жеткізді

«АрселорМиттал Теміртау» болат өндіру көлемін 22%-ға арттырып, 1936,6 мың тоннаға жеткізді

«АрселорМиттал Теміртау»АҚ I жарты жылдықта болат өндіру көлемін 22%-ға арттырып, 1936,6 мың тоннаға жеткізді, делінген компанияның ақпаратында.

  • 12 Шiлде 2011
  • 929
Фото - Caravan.kz

Шойын өндірісі 21%-ға, 1645,7 мың тоннаға дейін, прокат өндірісі 19% -ға, 1624 мың тоннаға дейін артты, делінген сейсенбі күні компанияның сайтындағы ақпаратта.

«АрселорМиттал» компаниясының мәліметтеріне сәйкес, аталған кезеңде 2962,7 мың тонна агломерат шығарылды, бұл 2010 жылдың бірінші жарты жылындағы көрсеткіштен 21%-ға көп. Ал көмір өндіру көлемі 4%-ға, 5193,1 мың тоннаға дейін азайды.

«2011 жылдың II тоқсанында және I жарты жылдығында 2010 жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда агломерат, шойын және болат өндіру көлемі аглофабрика мен домна цехының арқасында артып отыр. ТМД-ның басты нарықтарында металл өнімдеріне деген тұрақты сұраныс сақталып отыр», — деп мәлім етті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директорының м.а. Владимир Филиппов.

Компания өкілінің айтуынша, №2 домна пешін қайта жөндеу, қуаты жылына 1,2 млн тонна болатын №3 алты ағынды қалыптарды үзіліссіз құю машина мен ауаны бөлу блогының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Конвертерлік цехты газдан тазарту жүйесінің құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Сонымен бірге, II тоқсанда компания дайын өнімді артуға және темір кенін тасымалдауға қажет қозғалмалы құрамның жетіспеушілігін сезінді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ тегіс және сұрыпты прокат өндірісіне маманданған, агломерат, темір кенінің және көмір концентратын, кокс, шойын, болат шығарады. Компанияға Теміртаудағы металлургия комбинаты, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарындағы темір кенін өндіруші 4 кеніш кіреді. 2010 жылы компания 3,3 млн тонна сұйықболат пен 2,9 млн тонна прокат шығарды.

Соңғы жаңалықтар