"АрселорМиттал Теміртау" домна пешін қайта құру үшін шамамен 11 млрд теңге жұмсамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" домна пешін қайта құру үшін шамамен 11 млрд теңге жұмсамақ

"АрселорМиттал Теміртау" домна пешін қайта құру үшін шамамен 11 млрд теңге жұмсамақ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның №2 домна пешін қайта салу жобасының бюджеті 10,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

  • 8 Шiлде 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

Қайта салу нәтижесінде пештің көлемі 300 шаршы метрге артпақ, өнімділігі- 15%. Сонымен қатар, пештің жұмыс істеу мерзімі ұлғайтылып, кокстың шығыны мен зиянды қалдықтары азайтылмақ.

Ақпаратқа қарағанда, қайта салынған N2 домна пешін биыл қыркүйекте пайдалануға беру көзделген, алдында оны мамырда пайдалануға беру көзделген болатын.
Пешті қайта салу жұмыстары 2010 жылы қаңтарда басталған. Шаруаны мердігер «Уралдомнаремонт» ЖШС жүргізуде. Жобалық құжаттарын Paul Wurth фирмасы ( ArcelorMittal концернінің бөлігі болып табылады ) қазақстандық металлургия комбинатының жобалық-конструкторлық бөлімімен бірлесіп жасаған.
Алдында хабарланғандай, «АрселорМиттал Теміртау» 2011 жылы 4 млн тонна көлемінде сұйық болат шығаруды жоспарлауда, 2010 жылғысы 3,339 млн тонна болатын.
Қазақстанда ArcelorMittal кәсіпорындарында өндірісті кеңейту жөніндегі бағдарлама жүргізілуде, оған орай 2015 жылға қарай жылына 6 млн тонна болат шығарылмақ.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ халықаралық болат құюшы ArcelorMittal концерні құрамына кіреді және Қазақстанның тау-кен металлургия секторында ірі кәсіпорын болып табылады.

Соңғы жаңалықтар