«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2013 жылы үш мың адамды қысқартпақ
![]() |
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2013 жылы штат санын едәуір қысқартуды көздеп отыр. |
Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Жақтау» кәсіподақ комитеті төрағасы Владимир Дубин мәлім етті.
Оның айтуынша, компанияның бас директоры Виджай Махадеванның 14-желтоқсандағы №592-ші бұйрығына сәйкес металлургиялық комбинат бөлімшелері басшылары 2013 жылы персонал санын 12 мың 948 адамға дейін қысқартуы тиіс.
«Қазір комбинатта 15 мың 988 адам жұмыс істеп жатыр. Сонда қалған 3 мың 40 адам қайда кетеді? «Арселордың» жоспарында оларға орын жоқ», - дейді В.Дубин.
Ол бұйрықты естігеннен кейін В.Махадеванға хат жолдап, осы жайтты түсіндіріп беруін өтініпті.
«Менің қолыма тиген жауапта компания басшылығы ешкімді қысқартпайды деп жазылған», - деді В.Дубин.
Енді ксіподақ облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне өтініш жазып, меткомбинат басшылығына қатысты шара қолдануды талап етпек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін