«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2013 жылы үш мың адамды қысқартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2013 жылы үш мың адамды қысқартпақ

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2013 жылы үш мың адамды қысқартпақ

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2013 жылы штат санын едәуір қысқартуды көздеп отыр.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Жақтау» кәсіподақ комитеті төрағасы Владимир Дубин мәлім етті.

Оның айтуынша, компанияның бас директоры Виджай Махадеванның 14-желтоқсандағы №592-ші бұйрығына сәйкес металлургиялық комбинат бөлімшелері басшылары 2013 жылы персонал санын 12 мың 948 адамға дейін қысқартуы тиіс.
«Қазір комбинатта 15 мың 988 адам жұмыс істеп жатыр. Сонда қалған 3 мың 40 адам қайда кетеді? «Арселордың» жоспарында оларға орын жоқ», — дейді В.Дубин.
Ол бұйрықты естігеннен кейін В.Махадеванға хат жолдап, осы жайтты түсіндіріп беруін өтініпті.
«Менің қолыма тиген жауапта компания басшылығы ешкімді қысқартпайды деп жазылған», — деді В.Дубин.
Енді ксіподақ облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне өтініш жазып, меткомбинат басшылығына қатысты шара қолдануды талап етпек.