«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылардың жалақысын төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылардың жалақысын төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылардың жалақысын төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ теңге еркін ағымға жіберілгеннен кейін жұмысшылардың еңбекақысын 25%-ға төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды.

  • 21 Тамыз 2015
  • 483
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Орын алған валюталық реттеулерге байланысты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшылардың еңбекақысын 25%-ға төмендету туралы шешімін кейінге қалдырғанын хабарлайды. Қазіргі таңда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз мүмкіндіктерін қайта бір қарап, қызығушылық танытқан тараптармен келіссөздер жүргізуді жалғастырып жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван бұған дейін жұмысшылардың еңбекақысын 4 қыркүйектен бастап 25%-ға төмендету туралы бұйрыққа қол қойған. 


Соңғы жаңалықтар