Әртүрлі апаттар салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әртүрлі апаттар салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тапты

Әртүрлі апаттар салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тапты

Әртүрлі жол-көлік оқиғалары салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тауып, тағы да 4 адам әртүрлі жарақат алды,- деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі 24-маусымда.

  • 24 Маусым 2003
  • 693
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік-Алматы тас жолының 4-ші шақырымында 23-маусымда кешкі сағат 23 шамасында «Тойота-Каролла» автокөлігінің жүргізушісі жол бойында тұрған «ВАЗ -2102» автокөлігімен соқтығысу салдарынан «ВАЗ -2102» автокөлігінде отырған бір әйел мерт болды. Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Ал Алматы облысының Іле ауданында Алматы-Байсерке-Қараой автожолының 31-ші шақырымында 23-маусымда 8 сағат 20 минутта «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан машинада отырған жолаушы әйел қаза тапты.
Атырауда «ГАЗ-33021» автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 11-жасар ұлды машинамен қағып кетті. Бала ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Атырауда «ВАЗ-2109» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2121» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-2121» автокөлігіндегі жолаушы әйел қаза тауып, екі жүргізуші де ауруханаға жатқызылды. Әйелдің аты-жөні қазір анықталу үстінде.
Қостанайда 23-маусымда кешкі сағат тоғыз жарымда «ВАЗ-21093» автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдайтын «КАМАЗ-5320» автокөлігімен соқтығысып қалды. «Жигулиде » отырған екі адам мен оның жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Соңғы жаңалықтар