"Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керек - Бас мүфти - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керек - Бас мүфти

"Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керек - Бас мүфти

Қазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау.

  • 12 Мамыр 2023
  • 4011
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет дейді

Наурызбай шейхқа әлі аруақ дегіземіз: Ерлан Төлеутай “Аруақ қолдасын” деген сөзді қолданбауымыз керек деген Бас мүфтиге жауап берді

"Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі "Фатиха" деген сөзден шыққан. "Фатиха" сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз", – дейді бас мүфти.

Сайыста төреші болған Серік Негимов бұл байқаудың ақсақалдарға бата жаттатқызудың тиімді жолына айналғанын мәлімдеді.


"Батада табиғатты, жаратылысты сақтау, экология, адамгершілік барлығы қосылады", – деді Серік Негимов.