“Аруақ желеп, жебеп жүрсін” деген сөз шариғатымызда рұқсат етілген” - Бас мүфти - kaz.caravan.kz
  • $ 510.19
  • 582.79
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Аруақ желеп, жебеп жүрсін” деген сөз шариғатымызда рұқсат етілген” - Бас мүфти

“Аруақ желеп, жебеп жүрсін” деген сөз шариғатымызда рұқсат етілген” - Бас мүфти

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Аруақ қолдасын" сөзі шариғатымызда барын айтты.

  • 19 Мамыр 2023
  • 1545
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол дәрістерінің бірінде айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Алла тағаланы жалғыз деп тану дінімізде басты негіз. Бірақ, қазақы дүниетанымдағы аруақты құрметтеу, марқұмдардың аруағына тағзым ету Алла тағалаға серік қосу емес екендігін жақсы түсінуіміз керек. Яғни, аруақты сыйлау, аруақ желеп, жебеп жүрсін дегендердің барлығы шариғатымызда рұқсат етілген. Шариғатымыз тыйым салған дүние емес", — деді Бас мүфти.