Аружан Мақан: Ғылым адамзат өмірін өзгерте алады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аружан Мақан: Ғылым адамзат өмірін өзгерте алады

Таныс болыңыз, бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Аружан Мақан. Аружан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті шетел филологиясы факультетінің студенті. Ал қыздың мақсаты – «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша магистратураға түсу.  
 
– Бұл сала маған қызық, өйткені елімізде оқыту мен даму үшін көптеген мүмкіндік бар, ал бізге еңбек ету және осы мүмкіндікті барынша пайдалану ғана қалады. Мен осы жүйенің бір бөлігі ретінде ел үшін пайдалы болып, отандық білім беру саласын жақсартып, жетілдіргім келеді, – дейді Аружан Мақан.  
 
Аружанның өзі оқуға өте тиянақты, жауапкершілікпен қарайды. Бойжеткен мектепті «Алтын белгі» медалімен бітірді. Бірінші курстағы екі пәннен («В») басқасын «А» деген жоғары бағаға тапсырады. Аружан ғылыми мақалалар жазады, оның бірі «Прикладные аспекты обучения иностранным языкам в современных реалиях» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында, екіншісі Израильде өткен «Abstracts of VI International Scientific and Practical Conference» халықаралық конференциясы аясында жарияланды. 
 
- Ғылым саласында жаңа білім алып, дамуға мүдделімін, өйткені ғылым адамзат өмірін жақсы жаққа өзгерте алады, – дейді Аружан. 
 
Аружан Мақан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиялық бағдарламасы үлкен әлеуеті бар студенттер үшін даму мүмкіндігі және таланттарды ашуға және дағдыларды одан әрі жетілдіруге үлкен қаржылық көмек екенін атады. Ал жастарға ол дамуды, көп оқып, еңбек етуді, өмір сыйлағанмүмкіндіктерді барынша пайдалануға және өз ісін табу үшін түрлі салада батыл әрекет етуге шақырады.

  • 12 Қыркүйек 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz

Таныс болыңыз, бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Аружан Мақан. Аружан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті шетел филологиясы факультетінің студенті. Ал қыздың мақсаты – «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша магистратураға түсу.  
 
– Бұл сала маған қызық, өйткені елімізде оқыту мен даму үшін көптеген мүмкіндік бар, ал бізге еңбек ету және осы мүмкіндікті барынша пайдалану ғана қалады. Мен осы жүйенің бір бөлігі ретінде ел үшін пайдалы болып, отандық білім беру саласын жақсартып, жетілдіргім келеді, – дейді Аружан Мақан.  
 
Аружанның өзі оқуға өте тиянақты, жауапкершілікпен қарайды. Бойжеткен мектепті «Алтын белгі» медалімен бітірді. Бірінші курстағы екі пәннен («В») басқасын «А» деген жоғары бағаға тапсырады. Аружан ғылыми мақалалар жазады, оның бірі «Прикладные аспекты обучения иностранным языкам в современных реалиях» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында, екіншісі Израильде өткен «Abstracts of VI International Scientific and Practical Conference» халықаралық конференциясы аясында жарияланды. 
 
— Ғылым саласында жаңа білім алып, дамуға мүдделімін, өйткені ғылым адамзат өмірін жақсы жаққа өзгерте алады, – дейді Аружан. 