Арыс қаласында 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыс қаласында 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастады

Арыс қаласында 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастады

Түркістан облысында оқушы мен студент арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды.

  • 17 Қаңтар 2020
  • 62
Фото - Caravan.kz

Оқиға Арыс қаласында болған. Мектеп оқушысы мен колледж студенті төбелесіп, студент жеңіліп қалады. Құрдасынан жеңілгенге арланған бозбала көмекке достарын шақырыпты. Сөйтіп төрт  жігіт 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастаған. Көп қан жоғалтқан бала қазір аудандық ауруханада жатыр.

Бұл туралы Ktk.kz хабарлайды.

Көп қан жоғалтып, түнделетіп жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген 16 жасар Эльхан Махсумов Арыс ауруханасында жатыр.  Бес рет пышақталған 10-шы сынып оқушысына дәрігерлер бірнеше ота жасапты. «Дер кезінде келмегенде, өліп  кетуі әбден мүмкін еді», — дейді дәрігерлер.

Талғат Тәжіметов, Арыс аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— Пышақ тыққан жері жамбасының орта жерінде біреу, санының артқы бөліміне  төрт жерден тыққан. 3,5,7 сантиметр де терең, орташа жарақат.

Палатада жатқан Эльхан мен жанындағы анасы камераға ашық сөйлегісі келмесе де, болған жәйтті айтып берді.  10-сыныптың оқушысына өзінің танысы әрі құрдасы колледж студенті тиісіпті. Күші мығымырақ Эльхан оны төбелесте жеңген. Бірақ «жеңілген күреске тоймас» деген қарсыласы 10-сыныпта оқитын өзге  үш оқушыны көмекке шақырады. Түнделетіп Эльханды  дүкеннің жанында күтіп алып, бәрі жабылады. Бұл кезде Эльханның қасында досы болған екен. Екеуі қашпақ болғанда Эльханды қуғыншының бірі пышақтап тастаған. Ал төбелеске екі шәкірті қатысқан мектеп басшысы  оқушыларын мақтап отыр.

Мейіркүл Асқарова, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры:


— Ілес Заңғар көзі көгеріп үйіне барады. Үйінде  анасы 102-ге хабарласпақ болған, бірақ хабарласпайды.  Туысқан ағасына  айтып, «баланы ұрып кетті» деген хабар жетіп, алты бала содан жинақталған деп естідім. Арасында  менің екі оқушым да ілесіп отыр.

-Досының кегін қайтармақшы болады ғой?

-Сондай сипатта боп тұр ғой, өйткені бір-бірін таниды. Ол көрші мектепте оқыған.

Төбелеске қатысқан 16-17 жастағы балалардың барлығы бұрын-соңды тәртіпсіздігі болмапты-мыс. Еш жерде есепте жоқ. Дегенмен полицейлер қазір суық қаруға жақын 16 жастағы оқушыны тергеуде.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына қамауға алды. Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 24-бөлігі, 99 бабы – «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Енді тым ауыр баппен тергеліп жатқан кәмелет жасына толмаған ұлдың тағдырын сот шешетін болады. Оның жанындағы оқушылардың да жазаға ілінер-ілінбесі белгісіз. Әзірге анығы, 18 жасқа да толмай кешқұрым көше кезген балалардың ата-анасына әкімшілік айыппұл салынады.

 

Соңғы жаңалықтар