Арыс қаласында зорланған қыздың кеңірдегі жыртылып, ауруханаға түскені рас па? (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыс қаласында зорланған қыздың кеңірдегі жыртылып, ауруханаға түскені рас па? (ВИДЕО)

Арыс қаласында зорланған қыздың кеңірдегі жыртылып, ауруханаға түскені рас па? (ВИДЕО)

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғыны кәмілетке толмаған қызды үйдің артына апарып зорлаған, деген күдікпен ұсталды. 

  • 25 Мамыр 2023
  • 10324
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде әлдекімдердің 5 жасар қызды зорлады деген адамды  балағаттаған видеосы және түрлі жазбалар тараған еді, деп хабарлайды. Caravan.kz медиа порталы. Тіпті қыздың кеңірдегі жырылып, ауруханада жатқаны айтылған.

Ал Polisia.kz-тің хабарлауынша Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

"21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ", делінген
полиция
таратқан ақпаратта,