Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың сөзінше, қала тұрғындарын автобустармен жөнелту Шымкент қаласының басшылығымен ұйымдастырылған. Адамдар таңғы сағат 6-дан бастан жолға шығыпты.
Таяуда өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдегендей, Арыс снарядтардан тазартылған.
«Арыс тұрғындарын қайта қоныстандыру автобустармен жүзеге асырылады. Қала 17 аумаққа бөлінді. Оның әрқайсысына аудан және облыстағы қалалардың әкімдіктері бекітілді. Бір үйге бір адамнан келетіндей 640 жауапты маман белгіленді. Олар тұрғындарға қоныстану барысында көмектесетін болады», — деп келтіреді Шөкеевтің сөзін оның баспасөз қызметі.
Жергілікті биліктің сөзінше, Арыстың қазіргі ахуалы толықтай бақылауға алынған. Өрт ошақтары жойылды. Алаңдауға себеп жоқ, дейді әкімдіктегілер.